368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан Перу құрамасының бас бапкері ауысты

  • 137
  • UPD: 17:56, 09.08.2018
Футболдан Перу құрамасының бас бапкері ауысты

Футболдан әлем чемпионатының аяқталғанына бір ай да өтіп үлгерген жоқ, ал Перу құрамасы келесі әлем чемпионатына дайындықты бастады.

Елдің футбол федерациясы бас бапкер Рикардо Гарекамен келісімшартты тағы 3 жылға ұзартты. Осылайша 60 жастағы аргентиналық маманның алдына бірнеше нақты міндет қойылып отыр. Оның ішінде 2019 жылғы Америка Кубогында сәтті өнер көрсету бар. Бұған қоса 2020 жылы Катар елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алу керек. Егер осы жоспар ойдағыдай орындалса, келісім тағы да ұзартылады.

Айта кетейік, Рикардо Гарека 36 жылдық үзілістен кейін Перу құрамасын әлем чемпионатына алып шықты. Биыл олар Ресейде өткен байрақты бәсекеде бағын сынады. Бірақ топтық кезеңнен әрі аса алмады.

Рикардо Гарека, Перу құрамасының бас бапкері:

- Перу елінің футбол федерациясының маған артқан сеніміне алғыс білдіремін. Осы мінндеттерді орындау үшін аянбай тер төгемін. Өйткені маған тек жергілікті федерация ғана емес, бүкіл ел үміт артып отыр.

Осы категория бойынша: « Токио олимпиадасында ұйымдастырушылар бетті танитын жүйе енгізбек Әлем біріншілігінің үздік қақпашысы «Реалға» ауысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы