369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайрат» сырт алаңда чехиялық командадан жеңіліс тапты

  • 188
  • UPD: 11:17, 10.08.2018
«Қайрат» сырт алаңда чехиялық командадан жеңіліс тапты

Чехиялық «Сигма» алматылық «Қайраттан» үздік шықты. Оломоуц қаласындағы «Андрув» стадионында өткен ойында алаң иелерінің қарымы күшті болды.

Алғашқы минуттардан-ақ чех футболшылары үш рет қауіпті сәт тудырған. Біздің спортшыларымыздың да лайықты жауап қайтаруға мүмкіндігі болды. Әсіресе команда капитаны Бауыржан Исламханның әрекеті көпті тәнті еткен еді. Алайда доп ырқына көнбей қақпа сыртына өтіп кетті. Ойын қорытындысы бойынша  Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойын 2:0 есебімен аяқталды. Бірақ лиганың екі раундын сергек жүріп өткен «Қайраттың» қарымта қайтаруға мүмкіндігі бар. Ойын 16 тамыз күні Алматыда өтеді.

Осы категория бойынша: « Әлем біріншілігінің үздік қақпашысы «Реалға» ауысты Астанада Анатолий Храпатыйға ескеркіш тақта қойылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы