368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боксшыларымыз Азия ойындарына аттанады

  • 258
  • UPD: 07:26, 11.08.2018
Боксшыларымыз Азия ойындарына аттанады

Тамыздың 18-інде Индонезияның бас қаласы Джакартада 18-інші Азия ойындары басталады.

Дүбірлі додаға аттанатын саңлақтарымыз бүгінде соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Әсіресе боксшылардың жаттығуы қыза түскен. Спортшылар 16-сы күні Джакартаға жол тартады. Ал тамыздың 24-інде боксшыларымыздың алды шаршы алаңға шығады. Байрақты бәсекеде 10 боксшымыз 10 салмақ дәрежесінде сынға түспек. Оның үшеуі қыз, жетеуі жігіт. Бәріне де зор үміт артылып отыр. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, былғары қолғап шеберлеріміз биылғы Азия ойындарында шамамен 5 медаль алуы тиіс. Жоқ дегенде оның екеуі алтын болады. Себебі, Теміртас Жүсіпов, Қайрат Ералиев, Асланбек Шымбергенов, Әбілхан Аманқұл сынды мықтылар бара жатыр.

Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Басты қарсыластардың қатарында Өзбекстан, Қытай, Таиланд, Филиппин, Моңғолия, Иран сияқты елдер бар. Сол себепті Азияның боксы қазір мықты дамыған. Ең мықты деген жеті боксшы бара жатыр. Ал енді кімнің бабы, бағы қатар шабады, солар елге алтынмен оралады.

Әбілхан Аманқұл, бокстан ұлттық құраманың мүшесі:

- Дайындық жылдың басынан бері басталды. Көптеген оқу-жаттығу жиындары өтті. Жарыстарға бардық. Жақсылап дайындап жатыр. Дайындығымыз өте жақсы, керемет. Сондықтан жоғары деңгейдегі нәтиже күтеміз.  Өзіміз қазақ елінің туын көтеріп қайтамыз деген ойдамыз.

Осы категория бойынша: « Балалар арасында теннистен Президент Кубогі үшін жарыс өтіп жатыр «Канело» Головкиннің мексикалық стиліне күмән келтірді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы