364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело» Головкиннің мексикалық стиліне күмән келтірді

  • 187
  • UPD: 18:42, 11.08.2018
«Канело» Головкиннің мексикалық стиліне күмән келтірді

Мексикалық боксшы кездесу барысында не істеу керектігін айтты.

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші жекпе-жекке қатысты мексикалық боксшы кездесуден қандай нәтиже көретінін және қарсыласының стилін сынға алды, - Vesti kz BoxingScene-қа сілтеме жасап.

«Головкиннің стилі мексикалық деп айтуға келмейді. Олардың неліктен алға қарай жүруді, соққы жұмсап, өзіне кез келген соққыны қабылдауды мексикалық стиль деп кім айтты оларға? Бұл мексикалық стиль емес. Головкин нокаутқа түсірген боксшылардың барлығы канаттардың жанында дәл өзіне қарап тұрды. Бұл оның қалауы.

Мен болсам, жоғарғы деңгейлі боксшымен жұдырықтасқан жағдайда кез келген стильге дағдыланып, жұдырықтасуды өз қолыңа алу. Маңыздысы – осы», - дейді Сауль Альварес.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді.

Осы категория бойынша: « Боксшыларымыз Азия ойындарына аттанады «Канело» қашып жүретін боксшыға айналған – Абель Санчес »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы