365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

З.Дияс жүлде қоры қомақты жарыстың бірінші айналымында жеңіске жетті

  • 150
  • UPD: 12:28, 12.08.2018
З.Дияс жүлде қоры қомақты жарыстың бірінші айналымында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тағы жарысқа қатысып жатыр.

Ол жүлде қоры 2 млн 874 мың 299 доллар болатын Premier санатындағы турнирде біліктіліктің бірінші айналымын еңсерді.

Бұл турнир АҚШ-тағы Цинциннатиде өтіп жатыр.

Беташар матчта Дияс екі сетте ресейлік Евгения Родинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды. Родина мүмкін болған 16 брейк-пойнттың алтауын жүзеге асырды және 7 қателік жіберді. Диястың есебінде 8 эйс, доп беру кезінде кеткен 6 қателік және 8 брейк бар. Теннисшілер ресми матчтарда бірінші рет кездесіп отыр. Зарина Диястың келесі қарсыласы эстониялық Кайя Канепи.

inform.kz

Осы категория бойынша: « Елордада «Ұлы дала рухы» фестивалі өтіп жатыр Головкиннің Альвареспен өтетін жекпе-жек алдында жаттығуының видеосы жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы