365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің Альвареспен өтетін жекпе-жек алдында жаттығуының видеосы жарияланды

  • 337
  • UPD: 07:36, 13.08.2018

Видео Youtube желісіндегі Behind The Gloves каналында жарияланған.

Желіде орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесудің алдында қазақстандық боксшының жаттығу кезінде түсірілген видеосы пайда болды.  Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Youtube желісіндегі Behind The Gloves каналында жарияланған видеода Головкиннің Калифорниядағы Big Bear лагерінде жаттығып жатқаны түсірілген. 

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді.

Осы категория бойынша: « З.Дияс жүлде қоры қомақты жарыстың бірінші айналымында жеңіске жетті Футболшы Роналдо ауруханаға түсіп қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы