368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболшы Роналдо ауруханаға түсіп қалды

  • 476
  • UPD: 10:05, 13.08.2018
Футболшы Роналдо ауруханаға түсіп қалды

Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо Испанияның аурухансында пневмониядан емделіп жатқаны анықталды.

Бұл туралы ойыншының Twitter әлеуметтік желісіне сілтеме жасап, Vesti.kz хабарлайды.

«Достар, менде Ибица аралында пневмония басталды. Жұма күні мені ауруханаға жеткізді. Алайда қазір әлдеқайда тәуір болып қалдым. Ертең шығып, үйіме қайта ораламын. Қолдағандарыңыз үшін алғысым шексіз!», - деп жазды 41 жастағы шабуылшы.

Роналдо өзінің миландық «Интер», католондық «Барселона» мен мадридтік «Реал» сапындағы ойындарымен белгілі. Бразилияның ұлттық құрамасында ол екі мәрте 1994 және 2002 жылы әлем чемпионы атанған. Үш рет Халықаралық футбол федерациясының нұсқасы бойынша үздік футболшы атанған.

Осы категория бойынша: « Головкиннің Альвареспен өтетін жекпе-жек алдында жаттығуының видеосы жарияланды «Ювентусқа» өткен Роналду 8 минуттың ішінде алғашқы голын соқты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы