364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тобыл» ағылшын клубына күтпеген пиар жасағаны үшін алғыс білдірді

  • 224
  • UPD: 14:06, 13.08.2018
«Тобыл» ағылшын клубына күтпеген пиар жасағаны үшін алғыс білдірді

Бұрындары да көкшетаулық «Оқжетпес» клубының формасын ағылшындық «Лестер» көшіріп алған еді.

«Тобыл» директоры Николай Панин қостанайлық клубтың ойын формасының дизайны ағылшын премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген «Уотфорд» клубымен бірдей болып шығуына байланысты пікір білдірді.

«Уотфорд» пен «Тобыл» клубтарының қонақта ойнайтын формасы барлық қырынан бірдей болып шықты, алайда қазақстандық клуб бұл формамен наурыздан бері өнер көрсетіп келеді. Ал ағылшындық клуб АПЛ жаңа маусымында тек 12 тамызда алаңға шығып, «Брайтон» командасын 2:0 есебімен жеңді.

«Қазақстандағы Adidas өкілінің бізге түсіндіру бойынша форма таңдау – бұл әр команданың өз таңдауы. Ағылшындық клубтың дәлме-дәл осы форманы таңдауда аса бір қиындықтар жоқ. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Қостанайлық клуб бұл формаға эксклюзивті құқығы жоқ, сол себепті ағылшын клубына күтпеген пиар үшін алғыс білдіру ғана қалды», - деп жазады «Тобыл» баспасөз қызметі Паниннің сөзін.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Осы категория бойынша: « Ағылшын премьер-лигасының клубы «Тобыл» формасын көшіріп алды Еліміз Украинада минифутбол чемпионатын сәтті бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы