369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа формасын таныстырды

  • 217
  • UPD: 19:23, 14.08.2018
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа формасын таныстырды

Тамыздың 19-ы мен 26-сы аралығында Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігі болады.

Осы жарысқа жауапты мамандар бүгін баспасөз мәслихатын өткізді. Сонау 1984 жылдан бастау алған студенттердің дүниежүзілік жарысы екі жылда бір ұйымдастырылады. Бұл дүбірлі дода біздің елде ғана емес жалпы ТМД аумағында тұңғыш рет өткелі отыр. Осынау байрақты бәсекеге 16 елдің студенттер құрамасы қатысады. Ерлер «Алматы Аренада» бақ сынаса, қыздар командасы «Халық Аренада» сынға түседі. Қайрат Құлбарақов жаттықтыратын біздің жігіттер Беларусь, Чехия және Жаңа Зеландиямен В тобында ойнайды. Студенттер арасындағы әлем чепионатының 5 дүркін жеңімпазы бразилиялықтар Алматыға келе алмайтын болыпты. Неймардың ізбасарлары бұл турнирге немқұрайлы қараса керек. Дегенмен азулы Аргентина мен Чехия және Португалия мен Германия мықтыларының өнерін тамашалағыңыз келсе, «Алматы Аренаға» асығыңыз. Ел намысын қорғайтын Ақжол Дәрібай мен Арман Қаражанов және Біржан Оразов секілді талантты жастармыз аянып қалмайды деген ойдаймыз.

Қайрат Құлбарақов, Қазақстан ерлер құрамасының бапкері:

- Бесінші шілдеден дайындалдық. Содан кейін Бішкекте 10 күндік жалпы дайындық. өткіздік. Сол жақтан іріктеп біздің ылғи студент балалар бәрі Ұлттық студенттік лигада 70-тен аса команда бар, содан іріктеп алдық балаларды. Бұйырса, біздің мақсат – финалға жету.

Жарыстың толық кестесімен wucfutsal2018.com ресми сайтынан көре аласыздар.

Осы категория бойынша: « Қазақ күресінен өтетін Азия чемпионатында шетелдік төрешілер төрелік етеді Герасименко үстел теннисінен әлемдегі ең үздік 50 спортшының қатарына кірді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы