369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін 23.55-те «Астана» «Динамомен» қарымта матч өткізеді

  • 187
  • UPD: 20:36, 14.08.2018

УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жүрген жалғыз қазақстандық клубтың алдағы тағдыры бүгін шешіледі.

«Астана» үшінші іріктеу кезеңі аясында хорватиялық «Динамомен» қарымта матч өткізеді. Елордада болған алғашқы кездесу 0:2 есебімен аяқталған болатын. Енді Роман Григорчук баптайтын жігіттер Загреб қаласында есе қайтарып көреді. Әйтпесе, Чемпиондар лигасымен осы жерден қоштасуға тура келеді. Яғни, жеңілген команда жарыстан шығып, Еуропа лигасының плей-оффында бағын сынайды. Ал жеңімпаз Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне тағы бір қадам жасап көреді. Келесі іріктеу кезеңінде оны швейцариялық «Янг Бойз» күтіп тұр. Сонымен бүгінгі матч Астана уақытымен 23:55-те басталады және футбол сарапшыларының басым бөлігі алаң иелерін фаворит санап отыр.

Осы категория бойынша: « Әлемдегі ең мықты таэквондо шеберлері Сеул төрінде бас қосты Головкиннің бапкері «Канеломен» өтетін екінші жекпе-жекке қатысты екі сценарий ұсынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы