368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 140 ойын алаңы салынады

  • 256
  • UPD: 15:22, 15.08.2018
Ақтөбе облысында 140 ойын алаңы салынады

Бұдан бөлек жабық спорт кешені мен 24 хоккей кортының құрылысы басталады.

«Бақытты бала» жобасы аясында салынатын нысандардың құрылысына жергілікті қазынадан 385 млн теңге бөлінді. 2018 жыл өңірде балалар жылы болып жарияланған еді. Мүмкіндігі шектеулі жүздеген бала Оңтүстік Корея мен Түркияның үздік клиникаларында ем қабылдайтын болды. Одан бөлек әлеуметтік жоба аясында 118 мың бала жазғы демалыспен қамтылды. 10 мың оқушы Қазақстанның киелі жерлерін  аралап келді. Жүз бала көршілес Орынбор облысы мен Татарстанның  емдеу-сауықтыру кешендерінде демалды. Облыстағы бірнеше мектепке «Балалар IT-әлемі» жобасын енгізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 20 мектепте интерактивтік сыныптар ашылды.

Гүлназ Сүлейменова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде робототехника кабинеттері, ультрақысқа дыбысты проекторлар, осы 20 мектепті қамтамасыз етеміз қазіргі таңда. 20 мектептің 12-сі аудандық білім бөлімдеріне қарайды. Қалған сегізі Ақтөбе қаласында. Сонымен қатар, жалпы кедергісіз білім беру блогы бойынша айтсам, бағыты бойынша қазіргі таңдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған түрлі білім беру мекемелері ашылуда.

Осы категория бойынша: « Еліміздің спорт саласына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогына қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы