369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» енді Еуропа лигасының жолдамасына таласады

  • 183
  • UPD: 19:11, 15.08.2018

«Астана» футболшылары чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады.

Өткен түнде Загребте жергілікті «Динамодан» 0:1 есебімен ұтылған Роман Григорчук шәкірттері енді Еуропа лигасының жолдамасына таласады. «Максимир» стадионында соғылған жалғыз голды Марио Гавранович өз есебіне жазды. Енді «Астана» Еуропа лигасының топтық ойындарына берілер жолдаманы сарапқа салады. Кейбір басылымдар елорда командасының УЕФА жарысынан түсетін биылғы табысын есептеп үлгеріпті. Чемпиондар лигасынан тапқан табысы 1 миллион 140 мың еуро шамасында. Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсететіні үшін тағы 300 мың түседі. Жарысты жалғастырса, қаржылық жағдайы оңала береді.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогына қатысады Павлодарда «Ұлы дала рухының» іріктеу кезеңінде 160 спортшы бақтарын сынайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы