374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин мен Альварес реванш алдында ашық жаттығу өткізеді

  • 185
  • UPD: 10:47, 16.08.2018
Головкин мен Альварес реванш алдында ашық жаттығу өткізеді

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесу алдында ашық жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Golden Boy Promotions компаниясының промоутері Оскар Де Ла Хойя мәлімдеді. Оның айтуынша, БАҚ және бокссүйер қауым үшін 26 тамызда АҚШ-тағы Banc of California стадионында («Лос-Анджелес» футбол клубының аренасы болып саналады) ашық жаттығулар өтеді.

Осыған дейін Головкин мен Альварес жекпе-жекке екі апта қалғанға дейін қандайда бір кездесулер ұйымдастыру және шарлар өткізбейтін болып келіскен. Негізінде бұл мексикалық боксшының талабы болған. Тамыздың басында TMZ Sports Головкин мен Альварестің жаңа видео ролигін жариялаған еді. Портал мәліметінше, видео шілденің ортасында түсірілген деп болжаған еді, алайда бұл видео мамырда өтуі тиіс болған жекпе-жекке арнайы түсірілгені белгілі болды.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Осы категория бойынша: « Астанадағы «Қазақ батыры» чемпионатына 100-ден аса қатысушы келеді Астанада балаларды спорт мектептеріне қабылдау бойынша Ашық есік күні өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы