365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Атлетико» «Реалды» жеңіп, УЕФА суперкубогын иеленді

  • 137
  • UPD: 12:21, 16.08.2018
«Атлетико» «Реалды» жеңіп, УЕФА суперкубогын иеленді UA-Football

Мадридтің «Атлетикосы» УЕФА суперкубогы үшін таласта жерлестері «Реал» командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Испания клубтарының ойыны Эстония астанасы Таллиндегі «Лиллекюла» стадионында өтті. 4:2 есеібімен Симеоне шәкірттері жеңісті жұлып алып кетті. Тұңғыш рет осы титул үшін бір қаланың екі командасы таласты.

Ойынның 49-секундында көрермендер бірінші голды көрді. Оның авторы – Диего Коста. Ойынның 27-минутында Гарет Бэйлдің нәтижелі пасын сәтті пайдаланған Карим Бензема есепті теңестірді.

Екінші таймда екі команда тағы бір-бір голдан салды. 63-минутта «Атлетико» қорғаушысы Хуанфран қолмен ойнағаннан кейін, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Серхио Рамос пенальти орындап, мүлт кетпеді. 79-минутта «Атлетико» футболшыларын жеңілістен Коста аман алып қалды.

Экстра таймның 98-минутында Сауль Ньигес әдемі гол салды, ал нақты есепті 104-минутта Коке белгіледі.

Осы категория бойынша: « Астанада балаларды спорт мектептеріне қабылдау бойынша Ашық есік күні өтеді Джакартада Қазақстанның мемлекеттік туы ресми түрде көтерілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы