367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің мини-футбол құрамасы Болгариямен тең тарқасты

  • 226
  • UPD: 18:00, 16.08.2018

Қазақстан құрамасы минифутболдан Еуропа чемпионатының плей-оффына біртабан жақындай түсті.

Кәрі Құрлықтың ең мықты командалары бұл жолы Украинаға жиналған болатын. Жерлестеріміз топтық кезеңдегі үшінші кездесуін Болгария құрамасына қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Алғашқы голды 36-минутта қазақстандық Дидар Сыдық соқса, ойынның соңына қарай Дастан Дарабаевтың рикошеті таразы басын теңестірді. Айта кетейік, ұлттық құрама осының алдында Ирландия мен Албания командаларын жеңген болатын. Енді «С» тобындағы соңғы кездесуін Босния және Герцеговина аяқдопшыларына қарсы өткізеді. Шешуші матч 17 тамызда өтеді.

Владимир Кравченко, Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы:

- Біздің жігіттер осал емес, алаңда жылдам қозғалады, қақпашыны да ойынға қосып, еркін ойнайды. Бүгінгі ойын өте тартысты өтті, есеп теңескенмен, біздің мүмкіндігіміз әлдеқайда артық екенін білеміз. Босния және Герцеговина командаларымен болатын келесі ойында бар күшімізді көрсетуге тырысамыз.

Осы категория бойынша: « Түріктің клубы ешкі алу үшін 18 футболшысын сатты Әлемнің велотрекшілері Швейцарияда өзара мықтыны анықтап жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы