374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдықтар жаппай жүгірді

  • 131
  • UPD: 08:06, 17.08.2018
Петропавлдықтар жаппай жүгірді

Спорт күніне арналған дәстүрлі шараға 500-ден астам адам қатысты.

Олардың арасында кәсіби марафоншылармен қатар қарапайым қала тұрғындары да бар. Мәре сызығына балалармен бірге 60-ты алқымдаған ақсақалдар да тұрды. Саламаттты өмір салтын ұстанушылар басты көшелермен жүгіріп, бір жарым шақырымды бағындырды. Осылайша олар көпшіліктің назарын аударып, жерлестерін дене шынықтыруға шақырды. Атлеттердің айтуынша, таза ауада жүгіру денсаулыққа пайдалы.

Айболат Құдербеков, марафоншы:

- Мен 35 жылдай жүгіріп жүрмін. Пайдасы көп. Жүрек-қантамырларының жүйесін реттейді. Барлық у шығады. Марафонға дайындалсам, 30 шақырымға дейін жүгіремін.

Осы категория бойынша: « Рудныйда кеншілер спартакиадасы ұйымдастырылды Азиада-2018: 17 тамызға арналған жарыс кестесі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы