374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

  • 164
  • UPD: 11:17, 17.08.2018
Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Андрей Чугай велотректен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода дәл қазір Швейцарияның Эгле қаласында болып жатыр. Жарыстың екінші күні жерлесіміз кейрин бәсекесі бойынша сынға түскен болатын. 70-ке жуық қатысушының арасынан Андрей мәреге үшінші болып жетті.

Айта кету керек, 18 жастағы велоспорттан олимпиадалық даярлау ортағының шәкірті бірер апта бұрын Қытайда өткен халықаралық жарыста да топ жарған болатын. Ал енді, міне, өз мықтылығын әлемдік деңгейде дәлелдеп отыр. Андрейден бөлек кейрин бәсекесінде тағы бір қазақстандық спортшы сынға түскен болатын. Дмитрий Жевтсов жалпы есепте 17-сатыға тұрақтады.

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: 17 тамызға арналған жарыс кестесі Қазақстан мен Украина мемлекеттерінің спорт саласындағы байланысы арта түспек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы