365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ювентуста» 25 жыл ойнаған футболшы командамен қош айтысты

  • 134
  • UPD: 22:21, 17.08.2018
«Ювентуста» 25 жыл ойнаған футболшы командамен қош айтысты Eurosport

Жартылай қорғаушы туриндік клуб сапында 389 ойынға қатысып, 37 гол соқты.

«Ювентус» футбол клубының жартылай қорғаушысы Клаудио Маркизио командадан кетті. Ол туриндік команда сапында 25 жыл ойнады.

Екі тарап өзара ымыраға келіп, келісімшартты аяқтау туралы шешім қабылдаған. 32 жастағы ойыншы алдағы уақытта еркімен өзге команда сапына ауыса алады.

Клаудио Маркизио – туриндік клубтың түлегі. Команда академиясына 1993 жылы қабылданған. 2004/2005 жылғы маусымда негізгі команда сапына ілікті. 2006 жылы Италия кубогы ойынында алғаш рет негізгі құрамда ойнады.

Жартылай қорғаушы «Ювентус» сапында 389 ойынға қатысып, 37 гол соқты. 7 рет Италия чемпионы атанды. Үш рет Италия кубогын ұтып алды. 4 рет суперкубокта жеңімпаз атанды.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Осы категория бойынша: « Алматыда ауыр атлетикадан республикалық турнир аяқталды Зарина Дияс АҚШ-та Путинцеваны жеңді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы