370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде үздік БТР экипажын анықтайтын  сайыс өтті

  • 164
  • UPD: 08:24, 18.08.2018

Ұлттық Ұланның Шығыс өңірлік қолбасшылығы құрамындағы 10 бронетранспортер жүргізушілері су кедергілерінен өту шеберліктерін көрсетті.

Жаяу әскерлер мен мотоаткыштарды тасымалдауға арналған нағыз ұрыс көлігін басқару оңай шаруа емес. Қолбасшылық тапсырмасына сай бұл сынақта сарбаздардың көлік жүргізудегі ептілігі ғана емес, ұжымдық жұмысы да ерекше назарда болды. «Өйткені тек бірлескен басқаруда ғана кез келген техниканың жүрісі жылдам болады» дейді мамандар. Екі күнге созылған байқауда  Павлодар, Семей, Курчатов және Өскемен қалаларының ішінен Курчатов экипажы үздік деп танылды. Енді олар республикалық сайысқа қатысады.

Нұрғани Лесбаев, 35/14 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- Сарбаздар және   келісімшарт қызметкерлері осы жобаға қатысу үшін бірнеше дәрежеден өтіп, ең мықтылары осы сайысқа қатысып жатыр. Біздің Ұлттық Ұлан сарбаздары кез келген қойылған мақсаттағы жобаларға сайыстарға қатысып,алдына қойған міндеттерді орындауға дайын.

Осы категория бойынша: « Зарина Дияс АҚШ-та Путинцеваны жеңді Бүгін XVIII жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы