368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияда велотректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды

  • 134
  • UPD: 10:20, 20.08.2018
Швейцарияда велотректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды

Қазақстандық Андрей Чугай кейриндегі жетістігін спринтте қайталай алмады.

Швейцарияда велотректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күндері спринт және скретч бойынша жекелей сындар өткен болатын. Осының алдында қола жүлдегер атанған жерлесіміз бұл сында тек 17-көрсеткішке қол жеткізді. Қазақстан намысын қорғаған тағы бір спортшы Виктор Голов 26-сатыға тұрақтады. Ал скретчте Рамис Дінмұхаммедов 17-орынға орналасты. 5 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама қоржынында 1 қола жүлде бар. Бұған қоса олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері командалық сында тәуір нәтиже көрсетті. Ерлер арасында да, қыздар арасында да Қазақстан 8-орында.

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: жарыстың алғашқы күні Қазақстан 4 медаль еншіледі Головкин – Альварес андеркартында жекпе-жекке шығатын үш жұп белгілі болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы