369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Новак Джокович Masters турнирлерін түгелдей жеңген алғашқы теннисші атанды

  • 148
  • UPD: 18:51, 20.08.2018
Новак Джокович Masters турнирлерін түгелдей жеңген алғашқы теннисші атанды euronews.com

Новак Джокович теннис тарихында Masters турнирлерін түгелдей жеңіп алған алғашқы теннисші атанды.

Сербиялық спортшы АҚШ-та өткен кезекті жарыста топ жарды. Соңғы сында әлемнің екінші ракеткасы саналатын Роджер Федерермен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:4, 6:4. Осылайша, Джокович өз кәсіпқой мансабындағы 70-ші бас жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар жарыс қорытындысы бойынша миллион доллардан аса сыйақы алып, әлемдік рейтингтегі орнына мың ұпай қосты. Тағы бір қызықты ақпарат, Новак Джокович пен Роджер Федерер осымен 46-шы рет кездесіп отыр және оның 22-сінде сербиялық спортшының жолы болды.

Осы категория бойынша: « Таеквондошы Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды Футзалдан Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен Чехияны жеңді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы