374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылықтар Құрбан айт мерекесіне орай асық атудан жарысты

  • 201
  • UPD: 13:28, 21.08.2018
Алматылықтар Құрбан айт мерекесіне орай асық атудан жарысты

Алматылықтар да Құрбан айт мерекесін шын мәнінде өз дәрежесінде атап өтті.

Жұрт болып сап түзеп, айт намазын оқыған соң көпшілік әкімшілік пен муфтият ұйымдастырған спорттық сайыстарда бақ сынады. Білекті жігіттер қошқар көтеріп, қол күрестірді. Бақ сынаушылар арасында қошқарды ең көп көтерген адамға Шопан ата түлігі сыйға беріледі. Бұған қоса, жарысқа қатысушылар өрмелеу машығын паш етіп, баған басындағы сыйлықты олжалады. Орталық мешіт аумағында ұйымдастырылған шараға 500-ден аса адам қатысты. Келушілерге дастархан жайылып, құрбандық еті таратылды.

Бекнұр Жексенов, қала тұрғыны:

- Мына жерде осы мешітіміздің жанында спорттық шаралар өтіп жатыр. Қазақтың ұлттық спорт түрлері, қол күрес, асық ату, қой көтеруден жақсы шаралар өтіп жатыр.

Жандос Аяпов, қала тұрғыны:

- Көңілімізден шығып жатыр, тек өзімнің жеңіліп қалғаным болмаса, жақсы спорттық шаралар ұйымдастырып жатыр.

Осы категория бойынша: « Талдықорғанда Құрбан айтқа орай марафон ұйымдастырылды Қызылордалықтар Құрбан айт мерекесінде ұлттық спорт түрлерінен жарысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы