365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: қазақстандық таеквондошылар үш медаль жеңіп алды

  • 391
  • UPD: 18:08, 21.08.2018
Азиада-2018: қазақстандық таеквондошылар үш медаль жеңіп алды

80 келіден ауыр салмақта сынға түсіп, Қазақстанға Азия ойындарының қола жүлдесін сыйлаған таеквондошы Руслан Жапаров жанкүйерлерге алғыс айтты деп жазады Olympic.kz

– Әрине, жеңілістен соң кімнің де болса көңілі түседі. Жартылай финалдағы қарсыласыммен бұрын кездескен емеспін. Жеңіске жетемін деген сенімде болғанмын. Бірақ бұл Азия ойындары және ешбір ел осал спортшыларын әкелмейді. Алтын аламын деген мақсатпен келген едім. Қола медаль да жаман емес. Осындай дүбірлі бәсекеде қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рахмет. Осы жүлдемді ата-анама арнаймын, – дейді Жапаров.

Еске сала кетейік, Азия ойындарында қазақстандық таеквондошылар үш медаль жеңіп алды. Дениз Жансель – күміс, Руслан Жапаров пен Фариза Алдоңғарова қола жүлдегер атанды. 

Осы категория бойынша: « Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді Су добынан Қазақстан қыздар командасы Азия ойындарының күмісіне қол жеткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы