364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Су добынан Қазақстан қыздар командасы Азия ойындарының күмісіне қол жеткізді

  • 172
  • UPD: 18:10, 21.08.2018
Су добынан Қазақстан қыздар командасы Азия ойындарының күмісіне қол жеткізді

Азия ойындарында су добынан әйелдер командасы арасындағы бәсекелер аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Соңғы матчта Жапония құрамасын 12:11 есебімен жеңген қазақстандықтар Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. 

Қазақстан қыздар командасы 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті.

Алтын медальді барлық матчта қарсыластарынан басым болған қытайлықтар иеленсе, қола жүлде Жапония қыздарына бұйырды. 

Осылайша су добының шеберлері Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы оныншы медальді сыйлады. 

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: қазақстандық таеквондошылар үш медаль жеңіп алды Алматыда футболдан ардагерлер арасында ел біріншілігі басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы