374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық велортекшілер әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды

  • 224
  • UPD: 18:59, 21.08.2018
Қазақстандық велортекшілер әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды

Бүгін оларды Астана әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлер күтіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода биыл Швейцарияда өткен болатын. Ерлер арасындағы кейрин бәсекесінде қазақстандық Андрей Чугай үздік үштікке ілікті. Ал командалық сында жерлестеріміз 8-орынға тұрақтады. «Осының өзі үлкен жетістік», – дейді ұлттық құраманы жаттықтыратын Иван Сиваш. Енді велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының қыз-жігіттері сәл тынығып, алдағы Азия чемпионатына дайындықты бастайды.

Андрей Чугай, әлем чемпионатының қола жүлдегері:

- Мақсат мәреге бірінші келу болатын. Бірақ соңына қарай қарсыластарым басып озды. Жалпы, әлем чемпионатында бәсекелестік өте жоғары. Сондықтан осының өзіне қуаныштымын. 2 жыл бойы тынымсыз жаттыққанның арқасында жүлдеге ілігіп отырмын.

Иван Сиваш, велотректен ұлттық құраманың бапкері:

- Ел намысын қорғауға барған барлық спортшы да өз деңгейінде жақсы нәтиже көрсетті. Әлем чемпионатынан үлкен тәжірибе жинап қайтты. Ұлттық құрамадағы біраз спортшы енді ересектер арасына қосылып, айтулы аламандарға қатысады. Ал біз 18 жасқа дейінгі велотрек шеберлерін адағы басқа да халықаралық жарыстарға дайындауды жалғастырамыз.

Осы категория бойынша: « Алматыда футболдан ардагерлер арасында ел біріншілігі басталды Шахматшы Ж.Әбдімәлік алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатына қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы