374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Новак Джокович – «Мастерс» турнирлерінің барлығын жеңген алғашқы теннисші

  • 283
  • UPD: 19:17, 21.08.2018
Новак Джокович – «Мастерс» турнирлерінің барлығын жеңген алғашқы теннисші Сегодня

Новак Джокович теннис тарихында «Мастерс» турнирлерін түгелдей жеңіп алған алғашқы теннисші атанды.

Сербиялық спортшы АҚШ-та өткен кезекті жарыста топ жарды. Соңғы сында әлемнің екінші ракеткасы саналатын Роджер Федерермен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп – 6:4, 6:4. Осылайша Джокович өз кәсіпқой мансабындағы 70-бас жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар жарыс қорытындысы бойынша миллион доллардан аса сыйақы алып, әлемдік рейтингтегі орнына мың ұпай қосты. Тағы бір қызықты ақпарат, Новак Джокович пен Роджер Федерер осымен 46-рет кездесіп отыр және оның 22-сінде сербиялық спортшының жолы болды.

Осы категория бойынша: « Азияда ауыр атлетика жарыстары өткізілмеуі мүмкін Азиада-2018: Мейрамбек Айнағұлов қола жүлдегер атанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы