365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алмат Кебіспаев пен Эльмира Сыздықова жүлдегерлер қатарында

  • 192
  • UPD: 22:23, 21.08.2018
Алмат Кебіспаев пен Эльмира Сыздықова жүлдегерлер қатарында

67 келі салмақта Азия ойындарының финалында белдескен Алмат Кебіспаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кебіспаев финалда Оңтүстік Корея өкілі Хансю Рюдан бір ұпай айырмашылығымен жеңілді. Есеп – 5:4.

Алмат Кебіспаев финалға дейін қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген болатын. Өкінішке қарай, ақтық сында біздің балуанға аздаған сәттілік жетіспей қалды. 

Бүгін кілемге шыққан 60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов үздік үштікті тұйықтады. 76 келіде бақ сынаған Эльмира Сыздықова да қола жүлдегер қатарында. 

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Мейрамбек Айнағұлов қола жүлдегер атанды Азиада-2018: Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы