369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп алды

  • 394
  • UPD: 22:52, 21.08.2018
Азиада-2018: Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп алды

Бүгін Азия ойындарының үшінші жарыс күні аяқталып, Қазақстан құрамасының қоржыны 5 медальмен толықты.

Olympic.kz бүгінгі күннің басты жаңалықтары мен маңызды мәліметтерді назарларыңызға ұсынады. 

50 метрге еркін стильмен жүзуде Әділбек Мусин финалда бақ сынап, 7-орын иеленді. 

Маунтинбайктан (кросс-кантри) Қазақстан командасының үздігі Кирилл Казанцев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл біз күтпеген медаль болатын. Казанцев жанкүйерлерді бір қуантып тастады. 

Нысана көздеуші мергендер әзірге жүлдегі орынға іліге алар емес. Юрий Юрков 5-орында. 

3х3 баскетболдан Қазақстан әйелдер командасы келесі айналымға күрессіз өтті. Біздің команда қарсыласы Мальдив аралдарын ұйымдастырушылар жарыстан шеттеткен.

Бүгін екі бірдей таеквондошымыз Азиада жүлдесіне қол жеткізді. Руслан Жапаров қола медаль иеленсе, Жансель Дениз финалда ұтылды. 

Су добынан Қазақстан қыздар командасы Жапонияны 12:11 есебімен жеңіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ватерполшы қыздар Қытайға ғана есе жіберген еді. 

Қазақстандық гимнаст қыздар 135.950 ұпаймен іріктеуден аса алмады. 

Әйелдер күресінен Рио олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова мен грек-рим күресінің өкілі Мейрамбек Айнағұлов Джакарта кілемінен қоламен қайтады. 

Команда үздігі Алмат Кебіспаев финалда бір ұпай айырмасымен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. 

Осылайша, Қазақстан қоржынындағы медаль саны 13-ке жетті. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 10-орында келеді. 

Осы категория бойынша: « Алмат Кебіспаев пен Эльмира Сыздықова жүлдегерлер қатарында Азиада-2018: Дмитрий Баландин финалға өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы