369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин мамырдағы кездесуіне кімнің кедергі келтіруге оқталғанын айтты

  • 186
  • UPD: 12:32, 22.08.2018
Головкин мамырдағы кездесуіне кімнің кедергі келтіруге оқталғанын айтты © boxingscene.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасы мексикалық боксшының допингпен ұсталғаннан кейін 5 мамырға жоспарланған жекпе-жекті өткізуге барынша кедергі келтіргенін айтты.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Айта кеткен жөн, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді. Негізінде бұл кездесу мамырда өтуі тиіс болатын, себебі мексикалық боксшы ақпанда екі рет допингпен ұсталды. Осының салдарынан жарты жылға спорттан шеттелген Сауль Альварес Головкинмен жұдырықтасудан бас тартуына мәжбүр болды.

Сол кезде Головкинге дереу қарсылас іздестіріліп, 5 мамырда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жұдырықтасты. Жекпе-жек ұзаққа созылмады, екінші раундта қазақстандық боксшы америкалықты нокаутқа түсірді.

Головкин BoxingScene.com порталына берген сұхбатында Синко де Майо мерекесінің бокс үшін қаншалықты маңызды екені жайлы сөз қозғады.

««Канело» 5 мамырдағы жекпе-жекке допинг сынамасынан өте алмағаны үшін кездесуге қатыстырылмайтын болған соң мен үшін ең бастысы Синко де Майо мерекесінде жұдырықтасу маңызды болды. Синко де Майо – бұл бокс үшін өте маңызды күн, бокс мерекесі. Фанаттардың ештеңесіз қалғанын қаламадым. Сондай-ақ мен белсенді болып қалуды қаладым. Мексикалық мереке күні бокс кешінде хедлайнер болғаным ұнайды. Бұл маған ең мықты жанкүйерлерді алып келеді.

«Канело» мен оның промоутері Синко де Майода жұдырықтаспағанымды сұрап, олай болмағанда мексикалық боксшымен екінші кездесу мүлдем болмайды деген шарт қойды. Сол күні жекпе-жекке шығуыма көп адам кедергі болды. Алайда маған олардың не қалайтыны қызық емес. Осы күні, осы бокс кешінде жекпе-жек ұйымдастыру мен үшін маңызды болды. Бұл менің шешімім. Жанкүйерлер осыны күтті. Демеушілер мерекелік уик-энд ұйымдастыру үшін көп уақыт пен күш жұмсады. Том Леффлер осы үшін көп тер төкті. Ванес Мартиросянмен StubHub Center аренасында өткен кездесуім тамаша бокс кеші болды», - дейді Головкин.

Сондай-ақ Головкин мексикалық стиль, арманы жайлы айта кетті.

«Ешкімде спорттан биік тұра алмайды. Бокс – бұл қажырлы еңбек және таза жекпе-жек. Мен бокс пен жанкүйерлерді осы спорт түрін қолдағаны үшін құрметтеймін. Фанаттарға тартысқа толы жекпе-жек ұсыну мен үшін маңызды. Сол себепті, бапкерім Абель Санчес үйреткен мексикалық стильде жұдырықтасамын. Әуесқой бокста жүргенімде, әлем чемпионы болуды армандайтынмын. Мен осы арманымды жүзеге асыру үшін көп еңбек еттім, мен бұдан оңай бере салуға дайын емеспін. Сол үшінде Синко де Майо мерекесінде жұдырықтасу мен үшні маңызды болды. Маған чемпион болған ұнайды. Белбеулерді қорғаған ұнайды. 15 қыркүйекте әлем чемпионы атағаны сақтап қалу үшін еренбей еңбек етудемін», - дейді GGG.

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Қазақстандық спортшылардың 22 тамызға арналған жарыс кестесі Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 8-ші қола медаль түсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы