374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Азия ойындарындағы 15-ші медаліне қол жеткізді

  • 174
  • UPD: 13:00, 22.08.2018
Қазақстан Азия ойындарындағы 15-ші медаліне қол жеткізді

Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында Қазақстан 15-ші медаліне қол жеткізді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 15-ші медальді байдарка мен каноэ есуден Қазақстан командасының мүшесі Александр Куликов жеңіп алды. Ол ескек есудегі «слалом» бағдарламасы бойынша үздік үшінші орынға табан тіреп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Жекелей сында өнер көрсеткен Куликов жапон және қытай спортшыларына ғана жол берген. Осылайша, Александр Куликов Қазақстан қоржынын 15-ші медальмен толтырды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына 14-ші медалді салғанын жазған болатынбыз.

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 8-ші қола медаль түсті Еліміздің джиу-джиутсу командасы Азиадаға аттанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы