374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Степногорскіде спорт нысанының көбеюі халықтың шынығуына себебін тигізді

  • 183
  • UPD: 18:03, 22.08.2018
Степногорскіде спорт нысанының көбеюі халықтың шынығуына себебін тигізді

Ақмола облысының Степногорск қаласында 22 мыңнан аса адам спортпен шұғылданады.

Бұл жергілікті халықтың 33 пайызы. Яғни осыншама адам салауатты өмір салтын жандарына серік еткен. Бұған шағын шаһарда спорт нысандарының көбеюі себеп екен. Мәселен, қазір мұндағы аулалардың барлығында дерлік спорт алаңқайлары бар. Соңғы жылдары осындай 10-ға жуық алаң тұрғызылған. Олардың бірнешеуі стрит-ворк-аут жаттығу қондырғыларымен жабдықталса, тағы бір-екеуі мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап салынған. Спорт нысандарының құрылысына жергілікті кәсіпкерлер де қомақты үлес қосып келеді. Қала билігінің айтуынша, шаһардағы спорт алаңқайларының 80 пайызы демеушілердің көмегімен тұрғызылған.

Әнуар Күмпекеев, Степногорск қаласының әкімі:

- Биыл жоспарымыз бойынша қалада тағы 3 алаң салынады. Оның көмегі екі кәсіпкері қаламыздың, бір ол «Самұрық-Қазына» қоры. Ауылдарда да осындай алаңдарды саламыз. Кейбір ауылдарда оларды қалпына келтіреміз. Мысалы, биыл Ақсу кентінде «ҚазақАлтын» арқылы 10 млн қаражат бөлінді. Осы ақшаға қазір құрылыс жасалынып жатыр. 

Жанболат Тілеубердинов, Степногорск қаласының тұрғыны:

- Бұл алаңдар бізге өте жақсы болды. Балалар, тіпті кәсіби спортшылар да осы алаңдарда ойын ойнайды, жаттығады. Келешекте біздің қаладан көптеген атақты чемпиондар шығады деген үміттеміз.

Осы категория бойынша: « Еліміздің джиу-джиутсу командасы Азиадаға аттанды Азиада-2018: еліміздің қоржынында 18 медаль бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы