374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Усейн Болт футбол командасымен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

  • 235
  • UPD: 23:46, 22.08.2018
Усейн Болт футбол командасымен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Қашықтыққа жүгіруде қарсылас шақ келтірмеген Усейн Болт футболға бет бұрды.

Жеңіл атлет енді австралиялық «Сентрал Кост Маринерс» клубында доп тебеді. Қос тарап тамыз айының басында келісімшартқа отырған болатын. Соның негізінде Болт жаңа командамен алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді. Енді жоспар бойынша 31 тамызда негізгі құрамда жасыл алаңға шығуы керек. 8 дүркін олимпиада чемпионы осының алдында «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсетуді армандайтынын айтқан еді. Алайда әзірге тек Австралия клубынан ұсыныс түсті.

Айта кетейік, Усейн Болт 100 және 200 метрге жүгіруден 3 Олимпиада қатарынан топ жарған әлемдегі жалғыз адам. Әлі күнге дейін оның орнатқан рекордтарын ешкім жаңартқан жоқ.

Усейн Болт, 8 дүркін олимпиада чемпионы:

- Мен бұрын кәсіпқой футболшы болғым келетін. Енді осы мақсатыма бастайтын мүмкіндік ашылып отыр. Алдағы уақытта аянбай тер төгіп, маған артылған үмітті абыроймен қатауға тырысамын.

Осы категория бойынша: « Азиада: 22 тамызда еліміз неше медаль ұтты Александра Опачанова Азия ойындарында үздік үштікке енді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы