367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Новак Джокович US Open турниріне қатыспақ

  • 185
  • UPD: 19:10, 23.08.2018
Новак Джокович US Open турниріне қатыспақ Delfi

«Мастерс» турнирлерін түгелдей жеңіп, теннис тарихына жаңашылдық енгізген Новак Джокович енді осы жетістігін US Open-де қайталағысы келеді.

Дәл қазір Америкада теннистен жылдың басты бәсекесі басталды. Іріктеу сындарынан аттап өтіп, жарысқа бірінші айналымнан қатысатын сербиялық теннисші қазір демалып жүр. Жанкүйерлерімен кзедесіп, өз жоспарларымен бөлісті. Әсіресе, дәл осы Үлкен Дулыға сериясына кіретін турнирде топ жаруды көздеп отыр.

Айта кетейік, US Open бәсекесі 27 тамызда басталады. Ал 21 тамыздан бері іріктеу сындары өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 4 миллион АҚШ долларын құрайды.

Новак Джокович, теннисші:

- Өткен жылы дәл осы турнирге қатыса алмадым. Есесіне биыл жеңімпаз атануды жоспарлап отырмын. Дайындығым жақсы. Физикалық бабым да келісіп тұр. Әсіресе, жақында ғана аяқталған «Мастерс» турнирінен кейін ешкімнен жеңілмейтіндей сезінемін. Алдағы жарысқа қатысатыныма өте қуаныштымын.

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Мария Дмитриенко стенд атудан қола медаль жеңіп алды Тьерри Анри «Бордо» футбол клубының бапкері болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы