374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тьерри Анри «Бордо» футбол клубының бапкері болды

  • 151
  • UPD: 20:20, 23.08.2018
Тьерри Анри «Бордо» футбол клубының бапкері болды Eurosport

Аты аңызға айналып үлгерген аяқдопшы Тьерри Анри енді «Бордо» футбол клубын жаттықтырады.

Өйткені бұған дейінгі бапкер Густаво Пойет команда басшылығын сынға алғаны үшін жұмыстан қуылды. Енді оның қызметін франциялық маман атқарады.

Айта кеткен жөн, «Бордо» өткен маусымда ел чемпионатын 6-орында аяқтаған болатын. Ал Анри 2014 жылға дейін өзі де жасыл алаңда өнер көрсетті. Сол аралықта «Монако» сапында Франция чемпионы, «Барселона» сапында Испания чемпионы және «Арсенал» сапында Англияның 2 дүркін чемпионы атанып үлгерді. Ал Франция құрамасында әлем және еуропа чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды. 794 мачта 360 гол соқты. Кәсіпқой мансабын аяқтағаннан кейін Анри Бельгия құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болып жүрді. Енді «Бордо» клубының бас бапкері атанып отыр.

Осы категория бойынша: « Новак Джокович US Open турниріне қатыспақ «Астана» – АПОЭЛ: сарапшылар бүгін кімнің жеңіске жетерін болжай алмай отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы