370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астананың» бас бапкері Р.Григорчук жауапты матч алдында жұмыстан сұранып кеткен

  • 154
  • UPD: 08:06, 24.08.2018
«Астананың» бас бапкері Р.Григорчук жауапты матч алдында жұмыстан сұранып кеткен

«Астана» футболшылары Еуропа лигасы іріктеу сындарының плей-офф бәсекесінің алғашқы матчын өткізді.

Кипрде жергілікті АПОЭЛ мен кездескен әлде Роман Григорчук, әлде Григорий Бабаян шәкірттері жетпіс жеті минут жақсы ойнап, кездесудің жетпіс алтыншы минутында гол жіберіп алды. Гол соққан Кажу. Никосиялық клуб Кажуды жақында Бразилиядан жалға алған. Яғни ол сенімді ақтады. Ойынға келсек, алаң иелері біршама ширак қимылдады. Тіпті бірінші таймда бірнеше гол соғатын еді. Бірақ астаналық қақпашы Ненад Эрич шеберлік танытты. Қазақстандық команданың да өткір шабуыл ұйымдастырғанын айта кету керек. Алайда ойыншылары мергендік таныта алмады. Қазір «Астанада» бас бапкер жоқ. Бас бапкер Роман Григорчук, бірақ ол жауапты ойын алдында өз шаруаларын реттеу үшін сұранып кетіпті, тізгінді Бабаян қолына алды. Бірақ оның бітіргені де шамалы. Енді қос қарсылас қайта алаңға шығады. Қарымта матч тамыз айының отызында «Астана Аренада» өтеді.

Осы категория бойынша: « Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды Алексей Луценко Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы