368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Луценко Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

  • 312
  • UPD: 18:19, 24.08.2018

Азия ойындарында велоспорттан жекелей сын аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанды.

Топтасып жарысуда мәреге бірінші келген Луценко жекелей сында да өз мықтылығын дәлелдеді. Ол 40 шақырымды 55.37.13 уақыт көрсеткішінде жүріп өтіп, Азиаданың екінші алтынын жеңіп алды. 

Күміс жүлде иеленген өзбекстандық Мураджон Халмуратов біздің спортшыдан 1.33.39 секундқа, ал қола жүлдегер атанған жапониялық Фумиюки Беппу 1.42.07 секундқа қалып қойды. 

Осылайша Алексей Луценко Азия ойындарында екі мәрте топ жарып, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды.

Еске сала кетсек, елімізге Азия ойындарынан бірінші алтын медальді семсерші Дмитрий Алексанин алып берді.

Olympic.kz

Осы категория бойынша: « «Астананың» бас бапкері Р.Григорчук жауапты матч алдында жұмыстан сұранып кеткен Павлодар облысында стадионды жөндеуге 40 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы