364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: жүзуден Қазақстан командасы эстафетада үздік үштікке енді

  • 207
  • UPD: 20:36, 24.08.2018
Азиада-2018: жүзуден Қазақстан командасы эстафетада үздік үштікке енді

Жүзуден Қазақстан командасы эстафеталық сында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz

400 метрге кешенді түрде жарысудан Қазақстан намысын Дмитрий Баландин, Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин мен Александр Варакин қорғаған болатын. 

Біздің команда 3:35.62 уақыт көрсеткішімен үздік үштікке енді. Бірінші орынды – Қытай, екінші орынды Жапония спортшылары иеленді. 

Қазақстан жүзу спортынан эстафеталық сында соңғы рет Гуанджоудағы (2010) ойындарда жүлдеге іліккен болатын. 

Осы категория бойынша: « Дмитрий Баландин Азиаданың екінші қола медалін жеңіп алды Азия ойындары 2018: Қазақстан қоржыны жаңа жүлделермен толықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы