364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МакГрегор Нурмагомедовтің әкесіне тіл тигізді

  • 142
МакГрегор Нурмагомедовтің әкесіне тіл тигізді fromua.news

Аралас жекпе-жектен ирландиялық файтер Конор МакГрегор UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкерін «қорқақ» деп атады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

МакГрегор Абдулманап Нурмагомедовке Instagram желісіндегі парақшасында сөз арнады. Ол UFC 223 қарсаңында автобусқа жасалған шабуыл кезіндегі ұлының суретін жариялады.

«Абдулманап, мен сенің кім екеніңді білемін. Балаңа ұқсап жалған құрметтің артында жасырынасың. Дірілдеген қорқақ», – деп жазған МакГрегор автобусқа шабуыл жасалған сәттегі Хабибтің суретін жариялап.

Еске салайық, ресейлік файтер ирландиялықтың спарринг-серігі Артем Лобовтың сұхбатында айтқан сөзін сынға алып, жеке кездескенде, мәселе шешетінін мәлімдеген. Оған қарсы МакГрегор 6 сәуірде автобусқа шабуылдаған, жолаушылардың бірі Нурмагомедов болған. UFC түсірген кадрларда МакГрегордың автобусқа қоларба мен темір қоршау лақтырғанын көруге болады.

Осы категория бойынша: « Азия ойындары 2018: Қазақстан қоржыны жаңа жүлделермен толықты Азия ойындары 2018: Су добынан Қазақстан ерлер командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы