365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

  • 168
  • UPD: 14:26, 26.08.2018
Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов АҚШ-та кәсіпқой рингте үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бүгін таңертең Рахманқұлов Глендейлдегі (Аризона штаты, АҚШ) Gila River Arena-да рингінде америкалық боксшы Кристиан Агирреге қарсы жекпе-жек өткізді. Алты раундтың нәтижесіне сәйкес, қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңімпаз атанды – 59-55, 59-55, 60-54. Бұл – Сағадат Рахманқұловтың кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі. Ал оның қарсыласы Агирре маңсабында жеті рет жеңіске жетіп, осымен үшінші рет ұтылып отыр.

Еске салайық, Рахманқұлов үшін бұл Боб Арумның «Top Rank» промоутерлік компаниясының ұранымен өткізген алғашқы айқасы болды. Қазақстандық боксшының ісін танымал менеджер Эгис Климас жүргізіп жатыр.

Осы категория бойынша: « Елордада қазақ күресінен Азия чемпионаты басталды Ақтауда халыққа арналған велостанциялар пайдалануға берілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы