374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда халыққа арналған велостанциялар пайдалануға берілді

  • 257
  • UPD: 15:31, 26.08.2018

Ақтауда алғаш рет жалпы халыққа арналған велостанциялар қолданысқа берілді.

Енді қала тұрғындары мен қонақтары кез келген уақытта велосипед теуіп, спортпен шұғылдана алады. Айта кетейік, Ақтау – автоматтандырылған велосипед жүйесі іске қосылған еліміздегі төртінші қала.

Ақтаудағы 5 велостанцияның бірі дәл теңіз жағалауында ашылды. Мына велотұрақта 16 велосипед орналасқан. Велосипедті пайдаланғысы келетін әрбір тұрғын мынадай карта сатып алады. Бұл картаны жүктеп, арнайы пин-кодты енгізгеннен кейін, велосипед станциядан автоматты түрде ажыратылады.

Биыл зейнетке шыққан Мұрат Жұмағалиев алғашқылардың бірі болып велостанцияның қызметіне жүгінді. Зейнеткер енді күн сайын таңертең жағалауда жаттығу жасап, велоспортпен шұғылданбақшы.

Мұрат Жұмағалиев, қала тұрғыны:

- Ақтауда велосстанцияның ашылғанына қуаныштымын. Ол денсаулыққа да, психологияға да жақсы. Жастарға да жақсы.  

Астана мен Шымкенттен кейін Алматыда жалғасын тапқан мұндай жоба енді қарт Каспийдің жағасына да жетті. Қысы жылы болатын аймақтың климаты велосипедті жыл бойы үзіліссіз тебуге қолайлы. Жоба авторлары экономикалық әрі экологиялық жағынан тиімді велосипедті қоғамдық көліктерге балама көлік ретінде ұсынбақшы. «Себебі, біріншіден, көлік отынына кететін қаржы үнемделеді. Екіншіден, денсаулыққа пайдалы. Үшіншіден, тұрғындар автокөлік емес, велосипед айдаса, экологияның жақсаруына үлес қосар еді», – дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Алмагүл Қасымова, жобаны ұйымдастырушы:

- Экологиялық талаптардың барлығына сай келеді. Өйткені бізде станцияның барлығы қалалық коммуникацияларды қажет етпейді, күн энергиясымен қуаттандырылады. Велосипедтердің барлығы Францияда жасалаған. Сындыру, вандалдық іс-қимылдарға өте берік, тұрақты, яғни тіркелген велосипедті станциядан ұрлау мүмкін емес.

Осылайша қарт Каспийдің жағасында бұқаралық велоспортты дамытуға алғашқы қадам жасалды. Әзірге 38 велосипедке арналған 5 станция іске қосылды. Алдағы уақытта екі дөңгелекті темір тұлпарларды жалға беретін станцияның санын 100-ге жеткізу жоспарлануда.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев

Осы категория бойынша: « Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді Азия ойындары 2018: Назым Қызайбай мен Асланбек Шымбергенов келесі айналымға өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы