368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джиу-джитсу: Руслан Исраилов Қазақстан құрамасына бесінші алтынды сыйға тартты

  • 256
  • UPD: 17:12, 26.08.2018
Джиу-джитсу: Руслан Исраилов Қазақстан құрамасына бесінші алтынды сыйға тартты Данияр Майлыбаев

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын түсті. Джиу-джитсудан 77 келіде ел намысын қорғаған Руслан Исраилов Азиада чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz

Исраилов финалдық сында қырғызстандық Нұрсұлтан Әлімқұловты жеңді.

«Қазақстан халқының үмітін ақтап, алтын медаль иеленгеніп үшін қуаныштымын. Дәл қазіргі көңіл-күйім керемет. Әлі чемпион атанғанымды сезіне алар емеспін. Екінші белдесуімде мен әлем чемпионын жеңдім. Чемпионды жеңген соң, барлық қарсыласқа күшім жететініне сендім. Бұл жеңісімді барша қазақстандықтарға арнаймын», – дейді Руслан.

Бұл джиу-джитсу шеберлері жеңіп алған екінші алтын. Кеше Дархан Нортаев чемпиондық атақты иеленген еді. 

Сондай-ақ 85 келідегі А. Гаврюлок қола медаль үшін күресте қырғыз спортшысын жеңді. 

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Стенд атушылар үздік алтылық қатарында Дидар Әмірәлі Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы