367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: Каратэші Гузалия Ғафурова финалға өтті

  • 137
  • UPD: 10:25, 27.08.2018
Азиада-2018: Каратэші Гузалия Ғафурова финалға өтті

Бүгін Джакартадағы жазғы Азия ойындарында каратэшілер сайысы жалғасуда.

68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азиаданың финалына өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті.

Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Гузалия Ғафурова қытайлық спортшымен Азиада алтынына таласады.

Осы категория бойынша: « Азия чемпионаты: Қазақ күресінен отандастарымыз командалық есепте топ жарды Алтыншы алтын: Гузалия Ғафурова Азиада чемпионы атанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы