364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Головкин – екіжүзді». Альварес GGG өзін жарнамалай беретінін айтады

  • 197
  • UPD: 12:56, 27.08.2018
«Головкин – екіжүзді». Альварес GGG өзін жарнамалай беретінін айтады © MMABoxing

Күзде боксшылар қарымта өткізеді.

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) мексикалық стильде жұдырықтасатынын үнемі айтатыны үшін қарсыласы - WBA (Super), IBO, WBC чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) сынап тастады.

Альварестің сөзінше, Головкин бұл тақырыпты Мексикада танымал болу үшін істейді.

«Меніңше, Головкин - екіжүзді. Ол жанкүйер тарту үшін осындай айтады. Мексикада қайғылы жағдай болса, ол жерге бармайды. «Мексикалық стиль» деген анық түсінік жоқ. Сондықтан нақты бір мексикалық стиль жоқ деп есептеймін. Менің стилім ол - менікі, мен мексикалықпын. Бастысы осы», - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Бүгін қазақ боксшылары кімдермен жұдырықтасады Зағип және көру қабілеті нашар спортшылар велоқұрамасы Беларусь еліне жетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы