374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зағип және көру қабілеті нашар спортшылар велоқұрамасы Беларусь еліне жетті

  • 160
  • UPD: 18:51, 27.08.2018

Зағип және көзі нашар көретін спортшылардан құралған велоқұрама Беларусьқа жетті. Олар Blind Race Astana-Paris велошеруі аясында Парижге саяхаттап барады.

Марафон «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Анашым» балалар және жасөспірімдер қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Қазақстандық делегация Ресейде өткен ұзақ сапардан соң Беларусь жеріне жетті. Жергілікті көрікті жерлермен танысып, ел астанасы Минскке ат басын бұрды. Оларды Смолевич аймағында өңірдің белсенділері мен Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамы қарсы алды. 

Қазақстандық спортшылар бір ай ішінде Ресей, Польша, Беларусь, Германия және Франция мемлекеттерінің шекарасын кесіп өтпек. Олардың ақырғы нүктесі Париж болады. Халықаралық жоба «Шекарасыз спорт» құрамасында болып отыр. Ерекшелігі осында. Оған қатысушылар - зағип жандар мен көзі нашар көретін велоспортшылардан құралған. Олар күніне 100-200 шақырым жерді еріктілердің көмегімен бағындырып келеді. 

Бахтияр Базарбеков, «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі:

- Бұл жалпы біздің қоғам мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қалыптасқан шекараны жою үшін таптырмас мүмкіндік. Бүгінде адамдар бір-бірімен араласпайды. Осы жоба арқылы барлық адамның бірдей екенін дәлелдегіміз келеді.   

Алғашында велошабандоздар Алматы-Астана бағытында веломарафон ұйымдастырған. Одан соң спортшылар 500 шақырым жол жүріп, Алматы-Ыстықкөл бағытын бағындырды. Биыл құрама 5 мың шақырым жерді жүріп өтеді. Ал 2019 жылы ауыл мен елді мекендерді дамытуға бағытталған марафонды қолға алмақ.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Елімізде Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бар. Одан бөлек мәдениет және спорт саласында түрлі жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл марафон соның бір дәлелі. 

Елді аралап болған соң спортшылар көзі нашар көретін тұрғындардың өмірімен танысты. Себебі мұнда ТМД елдері бойынша зағип жандарды жұмыспен қамтуға ерекше мән беріледі. Олар жарық диодты шамдарды өндіруге арналған арнайы кәсіпорында қызмет етеді. Болашақта бұл тек марафон болып ғана қоймай, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға да өз ықпалын қоспақ.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Владимир Струк

Осы категория бойынша: « «Головкин – екіжүзді». Альварес GGG өзін жарнамалай беретінін айтады Неймар «Реалға» ауысатын болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы