374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды

  • 349
  • UPD: 20:00, 27.08.2018
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды Сали Сабиров

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы ел қоржынына Азиаданың жетінші алтын жүлдесін салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сында ел намысын Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғаған болатын.

Біздің команда жалпы есебі 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Екінші орында Өзбекстан, үшінші сатыда Оңтүстік Корея спортшылары.

Осы категория бойынша: « Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло ел чемпионатына қатысады Лондонда су астында шахматтан чемпионат өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы