374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде дрондар жарысы ұйымдастырылды

  • 208
  • UPD: 09:46, 28.08.2018
Мәскеуде дрондар жарысы ұйымдастырылды

Мәскеуде дрондар сайысы өтті.

Ерекше жарысты тамашалауға «Лужники» стадионына 3 мыңға жуық адам жиналған. Ұшақсыз басқарылатын аппараттар арнайы жабдықталған трасса үстінде жарысты. Айта кетейік, дрон-рейсинг – жаңа спорт түрі. Ресейде ол ресми түрде өткен жылы бекітілді. Қазір бұл спортпен мыңдаған адам кәсіби түрде айналысады. Мәскеудегі сайыста бақ сынауға Беларусь, Германия және Оңтүстік Корея елдерінен 40-қа жуық спортшы келген.

Илья Калаев, «Трудовые резервы» спорт қоғамының басшысы:

– Дронның салмағы – жарты килограмм. Аспалы жабдықпен есептегенде, 2 келіге дейін жетеді. Сағатына 100-120 шақырыммен ұшады. Екі секунд ішінде жылдамдығын сағатына 200 шақырымға дейін жеткізе алады.

Осы категория бойынша: « Лондонда су астында шахматтан чемпионат өтті 28 тамыз. Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы