368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады

  • 224
  • UPD: 10:09, 29.08.2018
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында татами шеберлерінің додасы басталды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

60 келіде ел намысын қорғайтын Елдос Сметов алғашқы айналымда Индонезия балуанын жеңді. Ширек финалда Сметов Солтүстік Корея өкілі Ан Джи Юнгпен белдеседі.

48 келідегі Галбадрах Отцгонцэцэг ширек финалда Солтүстік Корея спортшысын «ваззари» әдісімен жеңді. Жартылай финалда біздің дзюдошы жапониялық балуанға қарсы шығады.

66 келідегі Елдос Жұмақанов да турнирді сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда филиппиндік спортшыны жеңді. Ширек финалда Жұмақановты моңғолиялық спортшы күтуде.

Осы категория бойынша: « Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері үстел теннисінен жарысты Головкин «Канеломен» жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы