367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыр атлетикадан ел чемпионатына Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло қатысады

  • 182
  • UPD: 13:24, 29.08.2018
Ауыр атлетикадан ел чемпионатына Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло қатысады

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы республика чемпионаты басталды.

Оған Александр Зайчиков, Денис Уланов, Жазира Жаппарқұл, Карина Горичева сияқты танымал спортшылардың бәрі қатысуда. Сондай-ақ допинг дауына байланысты додалы жарыстардан біраз уақыт шеттеп қалған даңқты спортшылар Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да жұрт алдына қайта шығады. Бұл турнир қараша айында Ашхабадта өтетін әлем чемпионаты алдындағы іріктеу кезеңі болмақ. Жарыс қырқүйектің 2-сінде аяқталады.

Илья Ильин, ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы:

- Жарысқа қатыспағаныма біраз уақыт болды. Сондықтан бірінші мәрте шығатындай қобалжып тұрмын. Шынымды айтам. Бірақ өзіме сенімдімін. Бәрі де дұрыс болатын шығар.

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Қазақ боксшыларының ширек финалдағы қарсыластары кімдер Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы