369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада 2018: Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден қола жүлдегер атанды

  • 294
  • UPD: 21:41, 29.08.2018
Азиада 2018: Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден қола жүлдегер атанды olympic.kz

Биіктікке секіруден Қазақстан командасының мүшесі Надежда Дубовицкая Азия ойындарының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол биіктікке секіру сайысында үздік үштікке енді. Дубовицкая өзінің жеңіске деген жігерінің арқасында қола жүлдеге қол жеткізгенін айту керек.

Алтын және күміс жүлдегер атанған өзбекстандық атлеттерден басқасы 1.84 метрді бағындыра алған жоқ. Ал бірінші және екінші мүмкіндігінде мүлт кеткен Надежда соңғы сәтте бар күшін жиып, қола жүлдегер атанды. Азиаданың чемпионы атағын өзбекстандық Светлана Радвизил, ал күміс жүлдені Надия Дусанова жеңіп алды.

Осы категория бойынша: « Азиада 2018: Ольга Сафронова жеңіл атлетикадан үздік бестіктің қатарында Дәрігерлер Елдос Сметовтің денсаулығы жақсарғанын мәлімдеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы