369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» АПОЭЛ-мен матч алдында жаттығу өткізді

  • 138
  • UPD: 07:52, 30.08.2018
«Астана» АПОЭЛ-мен матч алдында жаттығу өткізді

Астана және АПОЭЛ футболшылары «Астана Аренада» ойын алдында жаттығу өткізді. Қос команда Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында жасыл алаңда қайта кездеспек.

Айта кетейік, Кипрде өткен алғашқы матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Баспасөз мәслихатында елордалықтардың бас бапкері Григорий Бабаян Астананың келесі кезеңге өту мүмкіндігі жоғары екенін айтты. Ал клубтың қорғаушысы Абзал Бейсебеков жанкүйерлер қолдауының маңыздылығын атап өтті.   

Абзал Бейсебеков, «Астана» ФК қорғаушысы:

- Ертеңгі ойынға толықтай дайынбыз. Бұйырса, жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлердің қолдауымен ертеңгі ойынды ұтып, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтеміз деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « GGG - «Канело» жекпе-жегінің ресми промо-ролигі жарияланды Азиада-2018: 30 тамызға арналған жарыс кестесі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы